16.10.2023 ж.                                                                                    «КЖББОМ»КММ

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңесінің мүшелері: 9 адам

Балжигитова Р.У., Кулимбетова Н., Тлеукулова Г.К., Жумасатова Г.Ы., Бесинбаева А.Т., Исакова Г.Х., Ходжаева Б.С., Култумаева Р.К., А.А.Алтыбай .,А.А.Жузтаева-хатшы.

Қатыспағандар: 0

Шақырылғандар: «КЖББОМ» КММ директоры м.а. Атрауова Р.Ж., ДТЖО М.Р.Каирбаева.

Күн тәртібінде

1.Құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, суицидтік іс-әрекеттерге қарсы жүргізілген жұмыстарға, жиналыстарға қатысу. Баяндамашы: ДТЖО М.Р.Каирбаева.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі басты мәселе бойынша, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Р.Каирбаева сөз алды. Салауатты өмір сүрудің негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп, мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан, отбасынан алады. Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттық қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби. Ж.Аймауытов 1918 жылы өзінің «Абай» журналына жариялаған «Тәрбие» атты мақаласында былай деген: «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе – өскен орта, ата-ананың тәрбиесі», «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді», бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген сөз. Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік дөрекілікке, қайырымдылық қатігездікке, жомарттық тоғышарлыққа, адалдық арамдыққа, парасаттылық парасатсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр. ЮНИСЕФ Қазақстандағы өкілетті органдармен бірге жүргізген зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, ересектердің шамамен 75%-ы отбасында балалардың мінез-құлқын қадағалап отыру үшін дене жазалауын қолдануды құптайтын көрінеді. 2-14 жас аралығындағы әрбір екінші бала отбасында зорлық пен тәртіпке салу шараларына душар болады. Мектеп оқушыларының үштен екісі басқа оқушылар немесе мұғалімдер тарапынан зорлық-зомбылық көрсетуге немесе кемсітуге шалдыққан немесе куәсі болған. Зорлық-зомбылықтың жоғары деңгейі интернат мекемелерінде және мінез-құлқында қиындықтары бар балаларға арналған мектептерде байқалады.

Балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу және жою мақсаттарына жету үшін бірқатар стратегияларды іске асыру маңызды. Алдын алу деңгейінде балларға кез-келген түрде, соның ішінде дене жазалауы түрінде зорлық-зомбылық көрсетуге тыйым салатын заңнамамен қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, ата-аналардың балаларын зорлықсыз тәрбиелеу дағдыларын үйде қызмет көрсету және жақсы ата-ана болу бағдарламалары сынды шаралар арқылы дамыту маңызды. Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде, сонымен бірге, қосымша білім беру ұйымдарында балаларға арналған арнаулы бағдарламалар болуы қажет деп сөзін аяқтады.

М.Р.Каирбава сөзін жалғастыра келе, суицид – бұл қоғамда денсаулық сақтауға байланысты жаһандық проблема. Жыл сайын 700 000-нан астап адам осы себептен өледі. Мұндай өлім-жітімнің көпшілігі (77%) табысы төмен немесе өмір сүруі орташа елдерде кездеседі. Сонымен қатар, суицидтің қоғамға, өзін-өзі өлтіретін адамдардың әлеуметтік ортасына, достары мен туыстарына кері әсері көп.

Суицидтің алдын алуға психологиялық қолдауды уақытымен іздеу, сондай-ақ суицидтік ойларды жеңу үшін қажет уақыт ішінде өлімге әкелетін суцид құралдарына қол жеткізуді шектеу ықпал етеді. Суицидтің алдын алу үшін бірқатар тиімді алдын алу шараларын қолдануға болады. ДДҰ-ның LIVE LIFE тұжырымдамасы бойынша тиімділігі дәлелденген төрт негізгі шара ұсынылады:

  • Суицид құралдарына қолжетілімділікті шектеу (улы пестицидтер, атыс қаруы);
  • Суицид мәселесін жауапкершілікпен жариялауды қамтамасыз ету үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс;
  • Жасөспірімдерде әлеуметтік және эмоционалдық өмірлік дағдыларды дамыту;
  • Суицидтік мінез-құлықтан зардап шегетін барлық адамдарды уақытылы анықтау, тексеру, жүргізу және кейіннен дұрыс өмір сүру үшін қолдау;

Ықтимал суицидті ашық талқылау адамға өмірлік мәселелерді шешудің басқа нұсқаларын қарастыруға және қабылданған шешімді өзгертуге көмектеседі, осылайша суицидтің алдын алуға болады деп сөзін аяқтады.

           

Қаулы:

1. Құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, суицидтік іс-әрекеттерге қарсы қарқынды жұмыстар жүргізілсін.

 

 

Кеңес төрағасы:                             Балжигитова Р.У.

Хатшысы:                                       Жузтаева А.А.

Мүшелері:                                        Кулимбетова Н.

                                                           Тлеукулова Г.К.

                                                           Жумасатова Г.Ы.

                                                           Бесинбаева А.Т.

                                                           Исакова Г.Х.

                                                           Ходжаева Б.С

                                                           Култумаева Р.К.