08.12.2023 ж.                                                                                    «КЖББОМ»КММ

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңесінің мүшелері: 9 адам

Балжигитова Р.У., Кулимбетова Н., Тлеукулова Г.К., Жумасатова Г.Ы., Бесинбаева А.Т., Исакова Г.Х., Ходжаева Б.С., Култумаева Р.К., А.А.Жузтаева-хатшы.

Қатыспағандар: А.А.Алтыбай

Шақырылғандар: «КЖББОМ» КММ директоры м.а. Атрауова Р.Ж., ДТЖО М.Р.Каирбаева, педагог-ұйымдастырушы Б.М.Казиев.

Күн тәртібінде

1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау туралы. Баяндамашы: Балжигитова Р.У.-қамқоршылық кеңес төрайымы

Тыңдалды:

 Күн тәртібіндегі басты мәселе бойынша, қамқоршылық кеңес төрайымы Р.У.Балжигитова сөз алды. Облыстық білім басқармасынан келген хатпен таныстырып өтті. Хатта мектеп басшысының бос әкімшілік лауазымына жарияланған конкурстың І кезеңінің қорытындысына және «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 1-тарауы, 3-параграфының 69-тармағына сәйкес, кандидаттың түйіндемесін жолдай отырып, ұсыным беру сұралған. Хатпен таныстыра келе, Роза Оңдағанқызы Р.Ж. Атрауова көптен жасап келе жатқан 22 жыл еңбек өтілі бар, көп жылдар мектеп директорының орынбасары болып жұмыс атқарған маман екенін, мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына тағайындауға сертификаттаудан өткені туралы сертификатының барын, ІІІ санатты директор орынбасары біліктілік санатының барын айтып, мықты маман, оқушылармен, ата-аналармен, мектеп қызметкерлерімен жақсы қарым-қатынаста, сыйластықта екенін айта келе, Р.Ж.Атрауованың кандидатурасын мектеп басшылығына ұсынуға келісім беретінін айтты.

Сөз алғандар: Р.Ж.Атрауова

 Мектеп директорының міндетін атқарушы, мектеп басшылығына кандидат Р.Ж.Атрауова сөз алып, жоспардан тыс, уақыт бөліп келген кеңес мүшелеріне рахмет айта отырып, мектеп басшысы болып тағайындалған жағдайда, мектептің жұмысын жандандыру үшін, барлық күш-жігерін жұмсайтынын, мектептің даму жоспарындағы алға қойылған мақсаттарды барынша орындауға тырысатынын, түрлі семинарлар мен тренингтер, оқу сапасын жақсарту мақсатында барынша жұмыстанатынын айта келе, кеңес мүшелеріне артқан сенімдері үшін алғыс білдірді.

 

 

Сөз алғандар: Б.М.Казиев

 Шақырылған маман, педагог-ұйымдастырушы Б.М.Казиев сөз алып, 2018 жылдан бері осы мектепте жұмысты бастаған кезімнен оқу ісі орынбасары қызметін өз дәрежесінде атқарып келе жатқан, мықты маман, оқушылармен, ата-аналармен, мектеп қызметкерлерімен жақсы қарым-қатынаста, сыйластықта екенін айта келе ІІІ санатты директор орынбасары біліктілік санатының барын айтып, өзі бастап ұсынып отырған кандидатураға заңды сәйкес келетінін алға тарта отырып, Р.Ж. Атрауованың кандидатурасын қолдайтынын айтып өтті, себебі осы мекемеде жұмыс жасап, қызметкерлердің және педагогтардың қыр-сырын жан-жақты білетіндіктен және кешкі мектептің өз қағидаларына сәйкес жұмыс жасап отырған мықты маман ретінде мектеп басшылығы кандидатурасына әбден лайық деп санайтынын айтты.

Сөз алғандар: Кулимбетова Н.

Қамқоршылық кеңес мүшесі Н.Кулимбетова сөз алып, Р.Ж.Атрауованың көптен жұмыс атқаратын педагог ретінде білетінін, адамдармен жақсы тіл табысатын, мықты маман, адамгершілігі мол, мектеп жұмысын жандандыра білетін маман екенін айта келе, Р.Ж.Атрауованың кандидатурасын қолдайтынын айтты.

 

Сөз алғандар: Ходжаева Б.С.

 Қамқоршылық кеңестің кезекті мүшесі Б.С.Ходжаева сөз алды. Мектептің жағдайын жақсы білетін, ішкі жағдайымен таныс, өз ісіне мықты маман, мектептің жұмысын дамытуда үлкен үлес қосып жүрген маман ретінде тани келе, Р.Ж.Атрауованың кандидатурасын қолдайтынын айтты.

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Р.У.Балжигитова кеңес мүшелерін дауыс беруге шақырды. Нәтижесінде:

Қолдады: 9

Қарсы болды: 0

Қаулы:

1.Мектептің бірінші басшылығына Р.Ж.Атрауованың кандидатурасы ұсынылсын.

 

 

 

Кеңес төрағасы:                             Балжигитова Р.У.

Хатшысы:                                       Жузтаева А.А.

Мүшелері:                                        Кулимбетова Н.

                                                           Тлеукулова Г.К.

                                                           Жумасатова Г.Ы.

                                                           Бесинбаева А.Т.

                                                           Исакова Г.Х.

                                                           Ходжаева Б.С

                                                           Култумаева Р.К.