Мектеп басшысы Раушан Жәрдемқызы Атрауова қала әкімінің орынбасарын мектептің ұжымымен таныстыра отырып, бүгінгі таңдағы мектептің басты мәселелері туралы айтып өтті. Кездесу барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланып, ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Қала әкімінің орынбасары Бекзат Бақбергенұлы кездесу соңында бүгінгі таңдағы білім жүйесінің кейбір мәселеріне тоқтала отырып, ұстаздарға ризашылығын білдірді.


