Бүгін мектебімізде биология, география, химия, тарих және құқық негіздері пәндері бойынша апталықтың ашылу салтанаты өтті.
«Табиғат қорғаушылары» атты іс-шара ашық аспан астында эстафета форматында ұйымдастырылды .
Эстафета барысында оқушылар экология тақырыбына байланысты тапсырмалар орындап, қоқыстарды түрлеріне қарай арнайы жәшіктерге бөліп салды ♻️
Сонымен қатар, қатысушылар пәндер бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.
Іс-шараның екінші кезеңінде ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіліп, оқушылар табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты 🌱
Ашылу салтанатының соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталды 🏆
Апталық енді басталды — алда бізді қызықты әрі мазмұнды шаралар күтіп тұр!


