23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай мектебімізде «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты кітапхананың он күндігінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, балалар әдебиетін насихаттау және рухани құндылықтарды дәріптеу.
Ашылу салтанаты барысында кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы айтылып, балалар әдебиетінің тәрбиелік мәні кеңінен түсіндірілді. Оқушылар белсенді қатысып, түрлі қызықты ойындарға қатысып, танымдық сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, іс-шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, балалар әдебиетінің үздік шығармалары ұсынылды. Көрме оқушылардың ерекше қызығушылығын оятып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырды.
Аталған он күндіктің ашылуы жоғары деңгейде өтіп, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Алдағы уақытта жоспарланған іс-шаралар оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына оң ықпал етеді деп күтілуде.
#ҚРОқуАғартуМинистрлігі
#БалаларКітапханасы
#ҰлттықКітапКүні
#РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана
#Онкүндік
АдалАзамат
БілімБасқармасы
АқтауҚалалық�


