«Кешкі (ауысымды) мектепте “Балғын ұрпақ,ардақта ана тіліңді” атты тілдер апталығының ашылу салтанатын мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бесінбаева Амангул Темірбайқызы ұйымдастырып, өткізді. Салтанатты жиында атқарылатын жұмыстар тізімі ошушылар мен ұстаздарға таныстырылып, мемлекеттік тілді дамыту, тіл мәдениетін, тәл мәртебесін көтеру оқушылардың ана тілге деген құрметін арттыруға байланысты тұшымды ойлар қозғалды. 9-11 сынып оқушылары қазақтың ұлттық билері мен әндерін орындап, “Тіл -ұлттың жаны” тақырыбындағы қойылған сұрақтар мен қызықты ойындарға жауап берді. Тілдер апталығына арналған іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.