Ағымдағы жылдың 16-шы қарашасында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты мектеп, ата-ана, ынтымақтастық болды. Құқық қорғау органдарымен бірлесе өткен жиналыс ата-аналарға шағын ситуациялық сұрақтар қойылып, ойын ұйымдастырылды.Инспектор Аскаров Нұрғали Ержанұлы ата-аналарға 127 бап туралы және құқық бұзушылық туралы баяндама оқыды. Тәрбие жөніндегі орынбасары М.Р.Каирбаева және 10 б сынып жетекші С.А.Худайбергенов сыбайлас жемқорлық, зорлық зомбылық,ерте жүктілік сынды актуалды тақырыптар жайлы кеңінен түсінік жүргізді.