23-сәуір Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған онкүндік аясында мектебімізде «Кітап – білім бұлағы, кітапханашы – білім шырағы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу, кітапқа деген қызығушылығын арттыру және рухани білімін дамыту.
Кездесуге Ақтау қалалық №8 кітапхана филиалының кітапханашысы Жұмабек Ақжонас Өтегенқызы арнайы шақырылып, оқушылармен өз тәжірибесімен бөлісті. Ол кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы айтып, оқушыларды көп оқуға шақырды.
Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Кездесу мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор болды.


