Бүгін сіздермен жүздесіп, жүрегіміз бір сәтке толқып, бір сәтке мұңайып қайттық. Себебі сіздер – өмірдің талай белесінен өтіп, қуанышы мен қиындығын қатар көрген жандарсыздар.
Сіздердің әрбір әңгімелеріңіз – біз үшін тарих, әрбір ақылыңыз – баға жетпес қазына. Бәлкім, кей сәттерде жалғыздық сезімі мазалайтын шығар, бірақ біліңіздер: сіздер жалғыз емессіздер. Сіздерге деген құрмет те, сағыныш та бар.
Алла сіздерге денсаулық, көңілдеріңізге тыныштық берсін. Жүректеріңіз жылудан, жүздеріңіз нұрдан айырылмасын. Біз сіздерден бата алып, өмірге тағы бір ой түйіп қайттық.
Сіздер аман болыңыздар, қадірлі жандар. Сіздер барда – өткеніміз де, өнегеміз де бар.


