“Кешкі (ауысымды) мектеп” КММ-де 27 қараша күні «Құқық бұзушылықтың алдын алу – бала болашағының кепілі» тақырыбында полиция қызметкері, мектебіміздің инспекторы- Ақтау қаласы ПБ ҚҚб ЮПБ УПИ полиция капитаны Жусипбеков Өркеннің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында білім алушыларға құқық бұзушылықтың түрлері, олардың салдары және заң алдындағы жауапкершілік туралы түсінік берілді. Сонымен қатар, оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтың, топтық төбелестердің алдын алу” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру жұмыстары барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, құқықтық мәдениетке қызығушылығын танытты


