МООБ АҚБББ "Кешкі (ауысымды) мектеп" КММ, 2024-2025 оқу жылына ҚР Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығын негізге ала отырып, қажетті маманға конкурс жариялайды.

Қажетті маман саны: 1. Физика пәнінің мұғалімі - 1 штаттық бірлік (тұрақты бос негізде) - 1 маман. Орыс және қазақ сыныптарына. Құжаттарды қабылдау комиссиясының отырысы 27.03.2025 ж. сағат 15.00 де өткізіледі. Мекен-жай: Ақтау қаласы 1 шағын аудан 36 ғимарат. Байланыс нөмері: 87085193507; Конкурсқа қатысатын қызметкерге қажетті құжаттар тізімі: 1. осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2. Жеке басын куәландыратын құжат; 3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы; ; 4. Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі; 5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6. Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту "ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 ж. 30 қазандағы №ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8. наркологиялық ұйымнан анықтама; 9. сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10. осы қағидаларға 17,18 -қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы; 11. жұмыс орнынан, оқу орнынан ұсыным хат;