Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша «Кешкі (ауысымды) мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 25-қазан Республика күніне орай, «Мектепке жол» акциясы аясында көрсеткен қолдауы мен демеушілігі үшін «Дана» супермаркетінің басқарушы директоры Киребаев Бейбітшілік Абдуллаевичке Алғыс жариялады. «Сіздер секілді жомарт жандардың арқасында қоғамда игі істер артып, көпшілікке үміт сыйлайтын жобалар іске асуда. Көрсеткен қолдауыңыз біз үшін өте құнды, әрі болашақтағы ынтымақтастыққа сенім ұялатады. Сізге зор денсаулық, еңбегіңізге табыс, отбасыңызға амандық тілейміз»,-деді мектеп директоры Р.Ж.Атрауова.
Алғыс жариялады


