25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде оқушылар арасында өткізілген «Менің Отаным – Қазақстан / Моя Родина – Казахстан» атты эссе жазу және сурет байқауының қорытындысы шығарылып, мектеп басшысы Р.Атрауова жеңімпаздарды марапаттады.

Сонымен қатар, мектеп директоры Раушан Жәрдемқызы жас суретшілер мен оқушыларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін арттыра берулеріне тілектестік білдірді.