Наурыз мерекесі қарсаңында, "Даналық мектебі", "Әжелер клубы" аясында оқушыларға, ұстаздарға "Бесікке салу" рәсімінен сахналық көріністер көрсетті. Мақсаты: балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы шынайылыққа адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.