Ақтау қаласы "Кешкі (ауысымды) мектеп" КММ-де ағымдағы жылдың 27-ші наурызында педагогикалық кеңес өткізілді. Пед.кеңесте төмендегі мәселелер қаралды: 1. ІІІ педкеңес шешімінің орындалуы туралы. Баяндамашы: Директор Атрауова Р.Ж. 2. Мектеп оқушыларының кітапханамен байланысы,насихат жұмысының орындалуы, әдеби оқулықпен қамтылуы. Баяндамашы: Кітапханашы Аманова А.Е. 3. Пәндік (әдістемелік) апталықтар мен онкүндіктерді өткізуді бақылау. Баяндамашы: ДОІЖО Жузтаева А.А. 4. «Талантты және дарынды балалардың тұлғалық тиімділігін арттырудағы психологиялық сүйемелдеудің нәтижесі» баяндама. Баяндамашы: Психолог Александрова А.М. 5. Педагогтің жаңа әдістерді және заманауи технологияларды қолдануы –оқыту сапасының артуы.
Баяндамашы: ДТІЖО М.Р.Кайрбаева 6. Үлгерімі нашар оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру үшін жобалық қызметті пайдалану процесінде мұғалімдердің сабақтағы және сабақтан тыс іс-әрекетінің байланысы» Баяндамашы: Орыс тілі пән мұғалімі Магзамов А.К. 7. Ағымдағы мәселелер:
1. ХАЛЫҚ АУЗЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ
2. Логарифмдер және олардың есептерді шешудегі рөлі
3.Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру әдістері.
4.Аттестаттау комиссиясының аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарынтуралы түсіндірме жұмыстары. Баяндамашылар: Бесінбаева А.Т., Битабергенова Н.Ә., Исакова Г.Х., ДОІЖО Жузтаева А.А.